Өлең, жыр, ақындар

Түлектер қанат қақты

  • 13.06.2016
  • 0
  • 0
  • 3961
Үмітпен сенеді елі,
Арманы - жастығында.
Шат күлкі әуеледі
Тілектер тасқынында.

Құжатын қолға ұстады,
Мақсаты - сенімінде.
Шәкірттік болмыстары -
Ұстаздың көңілінде.

Сынақтан сүрінбеді,
Қала алды биігінде.
Балалық пейілдері - Ананың мейірінде.

Бәрі де жарасады,
Мақтаныш - жүрегінде.
Бақытты болашағы - Әкелер тілегінде.

Қиялы көз ілмеді,
Қимастық - жырларында.
Толқыған сезімдері - Вальстің ырғағында.

Өмірдің жаңа күні
Ұшырды - самғасын да.
Қоштасты балалығы
Мектептің ауласында.

Арманға қадам басты,
Келешек тосқан бәрін.
Басып тұр ең алғашқы
Үлкендік баспалдағын.

Бірге ұшты достар бәрі,
Күтеді алғашқы сын.
Жауапты басқандары
Өмірдің әр басқышын.

Келешек көктемінен
Табады олар бағын.
Тілеп тұр мектебі де
Кірпіш боп қаланғанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жар деген жаралған ғой аялауға

  • 0
  • 0

Қалықтап махаббаттың аспанда әні,
Жайылып думан-тойдың дастарқаны.
Ұғынысқан жүрекпен тұр ғой бүгін
Тағы бір жұбайлық жол басталғалы.

Толық

Әйел-Ана

  • 0
  • 2

Болмысың, бар тілегің елің үшін,
Әйел-жар, отбасының сенімісің!
Тәлімін Ару-ғұмыр күннен алған
Сен бүгін бір әулеттің келінісің.

Толық

Әкені қызының құттықтауы

  • 0
  • 1

Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел,
Әке, сізді бүгін бәрі түсінер.
Құрдас десе сізді тұстастарыңыз,
Аға дейді сізді барлық кішілер.

Толық

Қарап көріңіз