Өлең, жыр, ақындар

Эверестке шығу

  • 27.06.2016
  • 1
  • 1
  • 22798
Қадалған көз таларлық,
Жігер отын жанар ғып,
Эверестке шыққандардың тізімі,
Саусақпенен санарлық.
Махаббат та шың сияқты:
Күн жақындап қасына,
Бұлт қонатын тасына,
Қыран тектес жандар ғана
Иыға алатын басына...
Бәрі бітті.
Құлайды арман дауыл жыққан қайыңша,
Ел күлмей ме ессіз үрей ықпалына бой үрса?!
Өзін-өзі өлтіруге тиісті еді Транзей
Сол кездегі әміршінің қатал заңы бойынша.
"Мені айналып, өте алмайтын кезеңге тап болдың ба?"
Дегендей-ақ жарқ-жүрқ етіп қанжар жатты алдында.
"Қайсар Рим заңы солай,
Көзінді енді күрт, батыр" -
Деген сөзді оймен айтып, біраз адам сыртта тұр.
Бөлме дел-сал, жүріп жатыр өмір, өлім таласы,
Ал, қанжарға қол бармайды, бүл азапқа қарашы.
Гүлзар тірлік қимастықпен жымиғанда қиылып,
Ең бастапқы қатқыл ойы бірте-бірте сұйылып,
Дір-дір етіп, дегбірі ұшып қалшылдады бейшара.
Намысына тірек етер ерлік таппай күйініп.
Осы сәтте кіріп келді Аррия,
Ақша қардай аппақ көйлек киініп,
Жанарынан жан тербетер назды сәуле құйылып.
Асқақ ұстап, сұңғақ бойын сымбатты,
Транзейге әйел былай тіл қатты:
Құдай саған еркек деген ат берді,
Дәулет берді,
Атақ берді,
Бақ берді.
Шараң қанша енді соның бәрімен,
Қоштасатын шақ келді.
Кимекпісің қорқақ атын ноқта ғып,
Қалсын десең еркек атың сақталып,
Есінді жи, айнам менің, есінді жи, қамықпа,
Ел мазағын көтеруден өлім ауыр болып па?!
Илан маған, тіпті түк те қиындығы жоқ мұның,
Батыл ұста қанжарыңды, батыл ұста, шоқтығым!
Ездік мінез сынға түспей қойсын қайдан байқала,
Қиындықсыз келген бақыт кетер кезін айта ма?
Бұл ерлігің болсын сенің ең алғашқы, ең соңғы
Кәне, менің қимылымды қайтала!
Аррия ару Транзейге ойлы көзін ойната,
Жүзін гүлдей жайната,
Күле қарап, тұрдыдағы қанжарын,
Жүрегіне сұғып алды бойлата...
Шулы, даулы пікір тастап артында,
Бір-біріне қол созысқан қалпында,
Біраздан соң екі бейне жатты үнсіз...
Кемітпеген тіпті қорқақ күйеуінің нарқын да
Ұлылық бар сол әйелдің даңқында...
Бірақ мақтау қажет те емес алтынға.



Пікірлер (1)

Аййда

Жақсы өлен

Пікір қалдырыңыз

Жігіттің екі сипаты

  • 2
  • 11

Марсқа
Кім қайратты
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?

Толық

Бөдене таланттар мен Қажымұқандар

  • 0
  • 0

Ертелі-кеш ұлылыққа ауғанымен аңсары,
Біздің қоғам ергежейлі дарындардан шаршады...
Япырай, бұл не, ұлтымыз алыптықтан суынғаны ма?
Жүз қырық жылдай өтсе де

Толық

Жалын

  • 1
  • 2

Өтудесің,
өтесің замандарым,
Құпиям көп ұқпаған, түсінбеген.
Әкем менің жек көрген адамдарын

Толық

Қарап көріңіз