Өлең, жыр, ақындар

"Өркениеттің адасуы" атты романнан Компьютербасты жарты адамдар

  • 27.06.2016
  • 0
  • 17
  • 81595
(Рухсыз күш формуласы)

«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,
Қонақтары сұрапты:
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.
- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.

Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!
Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?
Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,
Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.
Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,
Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір.
Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,
Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?
Бұл қазаққа көз өткен бе,
Тілдің мұңын сөз еткенде
Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...
Ұлтсыздардың бәрі - рухи мүгедектер, жартылар.
Тілін, ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,
Бар назары материалдық игілікке тоқталар.
Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар,
Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы» боп қалар.
Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге:
Білім алып келсін дедік,
Жер, ел танып көрсін дедік
Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?
Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,
Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?
Қай кезде де білім - күшің, әрі нұрлы жетегің.
Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін
Кім ойлапты құдайым-ау,
егер ұры қаншама,
Зор білімін қулығына қару етсе жан сала
Бейқам елге оның тартар азабы да соншама.
Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,
Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,
Қасиетті ата қоныс - өзен-тауын жерсінбей,
Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,
Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,
Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.
Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,
Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?
Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына.
Адасқандай тылсым нудан,
Біз олардың кір су құйған
Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,
Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық...
Ұлы Ғабит Мүсірепов - қара сөздің кемелі,
Бүткіл қазақ рухының еңкеймес бір беделі,
Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сәт соққанда
Сол соңғы сәт өз күшінің соңғы шамын жаққанда,
Ажырамай сенімінен,
Діріл қаққан ерінінен,
Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған.
Шыншыл тұлға жаны дара,
Нақ мынадай мағынада
Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған:
"Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,
Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.
Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса
Ұлт даралық таба алмайды,
Және ұлы боп саналмайды ешқашан!"
Әр жүз қойдан кезінде біз үш жүз қозы алғанбыз,
Ғарышқа да құлаш ұрып, Айға түрен салғанбыз.
Рас, қазір күллі әлемде байлыққа ауды есіл дерт,
Байлығы озса мысықтар да жолбарысша көсілмек.
Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес,
Ақшаң болса "маймылды" да бастық сайлау сөз емес.
Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме?
Қарындарды - тек өз қамын ойлаған,
Залымдарды - қан төгуге тоймаған,
Ұрпақтары үлгі тұтып, орнатуда кесене.
Әділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме?
Жол бар ма екен аман өтер пенде-мүдде орманнан,
Адамдықтың салтын қайттік,
даңқын қайттік қорланған?
Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?
"Әрбір қимыл - қарсы қимыл тудырады" тірлікте.
Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса,
Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,
Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын,
Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.
Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін
Оятпауға құлшынады аңқау елдің намысын...
Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны!
Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.
Қол қусырып көнеміз бе,
Үнсіз жата береміз бе,
Робот-түйсік арқаланған,
Мейірімі тұл жарты адамдар
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?..
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Дөңбекшиді көңіл-ғалам,
Бүгін өлу жеңіл маған,
Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше...»



Пікірлер (17)

Серахмет

Қайран Мұхаң, қазақтың маңдайына сыймай кетесің-ау

Ержан

Осы кіснің атымен көшелер, мектеп, парк, әуежай, университеттер аталу керек. Қазақ тарихында бүгінгі күнде осындай тұлға жоқ! Тек қазақ емес, әлем тұлғасы! Мега супер адам! Бұл кісінің қадірін білмейміз, қап! Шығармалары әлем тілдеріне аударылу керек! Әлемде ақын-жазушылардың шынай рейтингісі болса, бұл кісі көш бастап түрар еді. Қолдағы алтынның қадірін білейік ағайын!

Макпал

Керемет! Мухтар Шахановтын олендерын суйып окимын бары де шынайы гажап.)) Нагыз акын гой! Рахмет сызге!(клавитурада казакша жок (

Айгүл

Мұхтар Шахановтың "Эверестке шығу" атты кітабын оқығанға дейін мен өлең оқуға онша құмар емес едім. Көркем əлебиетті көп оқитынмын. Мұхтар Шахановтың отты жырлары менің өлеңге деген құмарлығымды, тіліме,ұлтыма, салтыма жəне тарихыма деген құрметімді арттырды. "Қазақта бір туар ақын кім?" десе "Мұхтар Шаханов" деп айтар едім.

Ерасыл

Өте керемет тұлға.

Сымбат

Осы кісінің өлеңдерінің сондай бір өзгешелігі бар, оқығанда ерекше әсер сыйлайды.Ащы ақиқатты жырлайтын талантты ақиық ақын.

Ондасын Оскинбаев

Байтұрсынов айтадығой
Ұлтшылдық дегеніміз -ұлтын сүйіу
Бізге оны керекқой
Шахановтан үйреніу

Ержан

Әлем әдебиетінің ірі тұлғасына теңелген Мұқаңның айтқан әрбір айтқан ой пікірі қазаққа бір тұсбағдар секілді. Мұхтар аға аман болыңыз!!!

Роза

жаны қазақ , арым қазақ дейтін ұлы тұлғаның дарасы гой

Жанна

Тамаша! Керемет әсер алдым! Мұхтар ағамыздай рухты азамат көп болғай қазақ топырағында.

Нұртілеу

Қай жылы шығарылды бұл өлең?

Рахим

Шаханов атамыздың өлеңдерің жастарға көп насихаттау керек

Аня

Пожалуйста помогите с переводом

111

можете сказать о чем тут рассказано

Жансезім08

Керемет♡

Жұмагул Дұкенбайқызы

Заңғар тұлға
Өлеңдеріне ғашық болып өтермін

Болат

Компьютербасты жарты адамдар мен телефонбасты ширек адамдар қаптаған заман

Пікір қалдырыңыз

Бөдене таланттар мен Қажымұқандар

  • 0
  • 0

Ертелі-кеш ұлылыққа ауғанымен аңсары,
Біздің қоғам ергежейлі дарындардан шаршады...
Япырай, бұл не, ұлтымыз алыптықтан суынғаны ма?
Жүз қырық жылдай өтсе де

Толық

Бақыт геометриясы

  • 1
  • 11

"БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене,
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?"
Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.

Толық

Біз қазақтың екі ақыны біргеміз

  • 0
  • 1

Біз қазақтың екі ақыны әрқашан да біргеміз
Түрлі сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде

Толық

Қарап көріңіз