Өлең, жыр, ақындар

Құпия ғой, құпия адам деген

  • 15.07.2016
  • 0
  • 0
  • 44040
Құпия ғой, құпия адам деген!
Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем,
болғандай ем бәрін де көріп, біліп,
әлі күнге мен қалай аман келем?
Адамдардың болмысын білгендей ем,
сал тартпайды салқындық сіңбей денең.
Жастықтағы арынды тұрмыс жуып
оңдырады матадай күнгей жеген.
Бәрін көріп, білген соң бұ ғаламда
бұрынғыдай сүйремес ұран алға.
Бәрі өткінші жайлаудың ғұмырындай,
сынаған да өткінші, ұнаған да.
Самарқаусың: Күн сөнсе, "не" деместей;
ойыңдағың болмаса, ерегеспей,
жақсы көрмей, жек көрмей, күйіп-жанбай
жүре алмайтын баяғы сен еместей.
Сен еместей жан біткен адал дейтін,
бірге жүріп, бір күліп, тамақ жейтін,
бәстесетін нан ұстап: "Адамда сәт
болмайды, - деп, - жоғалтар адам кейпін".
Енді күй жоқ лапылдар, 'сөніп бір күн.
Бірақ кенет өзіңді жолықтырдым:
келбетіңнен менде осы жақын күнде
бір өзгеріс боларын көріп тұрмын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жекеменшікке талпыну

  • 0
  • 0

Сүйе алмаймын -
сүйгім келіп тұрса да есім кетіп
(мейлің мені сол үшін кешірме түк),
болмағандай ештеңе барасың ғой,

Толық

Жанқожа батыр басында жалбарыну

  • 0
  • 0

Ей, ер бабам!
Басы айналып сен қорғаған кең далам
асау аттай құйқылжыған заманда,
сауысқандар билік айтып ғаламға

Толық

Қалқан

  • 0
  • 0

Ниетің – жомарт күзімдей,
мен үшін сұсың жүзіндей
қайраулы қара балтаның
қағатын жалған, жалтағын.

Толық

Қарап көріңіз