Өлең, жыр, ақындар

Қыз сөзi

  • 19.07.2016
  • 0
  • 0
  • 2844
Жүрегiмде қандай мұңым жатты екен,
Деме менi тұрақсыз.
Болар едiм, әттең, саған тәттi өлең,
Махаббатта болмайды екен сынақсыз.

Өмiр өтеді өзендейiн тасып мың,
Кедергiсiн келтiрмесiн бiзге бiр.
Сенесiң бе, ғашықпын,
Айта алмайды қыз-көңiл.

Менiң нәркес жанарымнан сез ендi,
Қыз сезiмiм iштей ғана көсiлед,
Сезем сен де ұнатасың, өзендi
Жiгiт болсаң, кешiп өт.

Орнасыншы арамызда теңдiк мың,
Адалдықтың жолы нық.
Иә,иә! Мен сендiкпiн гой, сендiкпiн!
Соны ұқ!

***

Сенiң маған болмысың ұнап тұрды.
Бiрақ, әттең, көңiлде сұрақ тұрды.
Өйткенi сен өтiрiк айтқан сайын,
Қыз-жүрегiм қайғыдан жылап тұрды.

Деп едiм-ау сезiмге айналар бақ,
Қыз көңiлi, айтшы ендi, қайда қалад?
"Неге?" дедiм аспаннан, бұлттан сұрап,
"Неге?" дедiм жұлдызға, айға қарап.

Жүрегiмде мөлтiлдеп қалды жаңбыр,
Алдамашы, шын сенген жанды нандыр.
Өтiрiкпен мың рет өлтiргенше,
"Сүймеймiн" деп көңiлдi мәңгi қалдыр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз сыры

  • 0
  • 0

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу сезімімнің ән боп самғаған арман күні -
Жолықтым саған.

Толық

Он жылдан соң...

  • 0
  • 0

Тал бесігіңнен таңғажайып сыр таба алдым,
Есіңнен әлі кете алмай жүр-ау балаң күн.
Он көктемнен соң ойларға толы өмірмен
Шәкірттік шаққа оралдың.

Толық

Сайтқа арнау

  • 0
  • 0

Жүректерді ізгілікке елең ғып,
Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ.
Салтанат па, мереке ме, мейрам ба,
Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт.

Толық

Қарап көріңіз