Өлең, жыр, ақындар

Сағынып оралар ма ем

  • 21.07.2016
  • 0
  • 0
  • 5743
Сағынып оралар ма ем
алыс жолдан жеткенше асық болып,
сен бар-ау деп шаттықтан тасып-толып,
дүниеде көзіне басқаны ілмей,
тек анасын ойлайтын жас сәбидей
мен де сеніңкеудеңді аңсамасам,
сен де мені күтуден шаршамасаң,
құшағыңа алғанша тынышталмай,
кездескенде жанардан мұң ұшқандай
ес шығып кетер бізде,
қуаныштан мәз болып екеуіміз де,
бар сезімді көздерден байқағандай
отырмасақ,
айтарға сөз таба алмай,
сағынып оралар ма ем,
жиһан кезе бермес пе ем онан ормен.
Жарқылдап жүрер ме едім
арман-нұрға тоғытып жылдарымды,
болмаса егер көк жарған шыңдар үлгі;
мөлдірлікті алмасам бұлақгардан,
аярланбай, аңқылдап сыр ақтарған,
теңіздердің тұңғиық тереңдігін,
тереңдіктің арқалар кемел жүгін,
жазықтықтың көз жетпес шалқарлығын
(шалқар жерде болады дарқан бір үн) -
сен құймасаң қаныма мұның бәрін,
сіңірмесең халқымның жырын, нәрін,
жарқылдап жүрер ме едім,
сезінбес ем ешқашан жігер желін.
О, туған ел,
мен өзіңсіз қанатсыз, тұғырсызбын,
сен болмасаң, сөнемін - ғұмырсызбын;
маған - сенің сезімің қуат, серік,
саған - менің сезімім шуақ беріп,
демімізден мөп-мөлдір нұрды жұтып,
тірліктегі азап пен мұңды ұмытып,
қос махаббат алауы жер үстінде
бұрқасынды өмірді тұр жылытып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халық деген – тылсым бір

  • 0
  • 0

Халық деген – тылсым бір:
төзімі де теңіздей,
сезімі де теңіздей,
шалқарлығы даладай,

Толық

Суретші

  • 0
  • 0

Мен сурет саламын.
мен сурет саламын,
салғаныма қуанып,
өзім де таң қаламын.

Толық

Мен қайғылы жыр жазамын түнімен

  • 0
  • 0

Түн. Үнсізбін. Бір нүктеге үңілем.
Мен бұл түні қайғы тұнған жыр жазамын
түнімен,
Дәл мынадай жолдар туар, мысалы:

Толық

Қарап көріңіз