Өлең, жыр, ақындар

Сезiм әуендері

  • 21.07.2016
  • 0
  • 0
  • 2710
Естiледi дара даусы тұлпардың,
Көкжиектен сенiммен қол бұлғар күн.
Өшпес мұра болып қалды-ау әндерi
Алпысыншы-жетпiсiншi жылдардың.

Сезiледi сол жылдардың бал демi,
Өнер ғана жұртшылықтың сәнгерi.
Ескiрмейдi қанша жылдар өтсе де
Шәмшi менен Әбiлахат әндерi.

Қалқатайын ай мен күнге теңеген,
Тазалықтың жаршысы деп сенер ем.
Қыз-жiгiттi сол дәуiрдiң әндерi
Шын махаббат бесiгiне бөлеген.

Шырқалса әуен, сезiм ендi еленбек,
Кеуделерге қонар нәзiк өлең кеп.
"Келем деп ең кешiкпей" деп нар жiгiт
Сүйiктiсiн әнге қосты елеңдеп.

Жасағандай әннен сезiм-тiзбектi,
Жүректер де арманнан қол үзбептi.
Қайықтарға ғашықтарын мiнгiзiп,
Жiгiттерге Сыр сұлуын iздеттi.

Айтамын ба көңiл сырын даралап,
Кеттi әсем ән Жайық бойын жағалап.
Алаңдатты Арыс жаққа ал бiрде,
Сол жағада қалғандай боп дара бақ.

Сүйген адам жанардан сыр оқыр-ды,
Деп ғашықтар әнмен таңды атырды.
"Кел, билейiк, кетпешi деп қасымнан",
Батыл жiгiт бойжеткенiн шақырды.

Қиялменен биiктерге самғады,
Қарсы алдырып ұйқысыз ақ таңдарды.
Түн жамылтып айсыз, ашық аспанда
Сырластырды жүрегi бiр жандарды.

Өртенгендей махаббаттың гүл бағы,
Қыз-қалқатай уәдеде тұрмады.
Басқа үйдiң шамын кейде жаққызып,
Баянсыз бiр махаббатты жырлады.

Қол алысып, серт етiскен төзiмдей,
Байқалады ол кiршiксiз ақ сезiмдей.
Әуенiнде жетпiсiншi жылдардың
Тазалық бар махаббаттың өзiндей.

Көрiнген соң әнiменен әдемi,
Аталдық па өзгелерге ән елi.
Шырқалады әлi күнгi кештерде
Сол жылдардың жүрек шертер әуенi.

Естiледi дара даусы тұлпардың,
Көкжиектен сенiммен қол бұлғар күн.
Өшпес мұра болып қалды-ау халқына
Әуендерi жетпiсiншi жылдардың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын

  • 0
  • 2

Білімнің төгілтеді нәр бұлағын,
Жауапсыз қала қоймас әр сұрағың.
Біледі қоғамы әр кез мұндай жанды -
Қастерлі, қасиетті ол - мұғалім.

Толық

Жеңге тілегі

  • 0
  • 0

Аға барда жайыңды әр кез ұғатын,
Сондықтан да бағаң биік тұратын.
Сен де енді мақсаты мол өмірден
Қалап апсың қыз жолының мұратын.

Толық

Шәкірт толғанысы

  • 0
  • 0

Күні кеше мұның бәрі есімде,
Еркелей кеп туған жердің төсінде
Алғаш рет аштым мектеп есігін -
Қазыналы мол білімнің бесігін.

Толық

Қарап көріңіз