Өлең, жыр, ақындар

Арна

  • 22.07.2016
  • 0
  • 2
  • 5346
Күз, саладан,
сайлардан
ұмтылып алға өзендер жатыр бұрқанып,
өр екпінімен жолсыз жақтарға бұлтарып.
Кедергілерді келеке еткендей айбынмен
/кездесуге құштар айдынмен/
сескенер емес дүниені түгел дәл қазір
кетсе де тұман-бұлт алып.
Ағыныменен құздарға соғып, бас ұрып,
алай да дүлей ақ толқындары шашылып,
тірлікке түгел нәр беріп жатқан арнаға
жетуге ғана асығып,
бұлқынып ағып, буырқанады бейуақта -
тосқауылдардың көптігінен бе - ашынып.
Тұп-тұнық көк көл тұншығып,
/арынсыз онда бұйығы, тымық тіршілік!/
мөлдіреп мөлтек көрінгенсиды-ау сырт көзге
түбінде бейне тұрғандай балғын гүл шығып,
аласұрғанмен алыс арнаға жете алмай,
қарайды сонау өр ағыстарға
ұмтылған алға құлшынып,
қызығып әрі қымсынып.
Айдынды мекен - жасыл жай, .»
алапат толқын екпіні жазғы жасындай.
Талпынып сонау армандай мәңгі арнаға,
далада қанша бастаулар жатыр ашылмай...
Арнасыз, сусыз тіршілік деген бұлыңғыр>.
қалғандай бейне сәулесі Күннің шашылмай
/су ма едің сен де, қымбаттым,
жүрмін әлі күн
өзіңе деген менің де шөлім басылмай/.
Өр ағыстарға тоқтау жоқ,
жолында талай жатса да тосқын жармасып,
өршеленеді алға асып.
Ағыныменен кетеді шайып, өң беріп,
бытқылдың бәрін қашаннан жатқан
шаң басып.
...Сарқылмас, солмас тасқындар солай ағады
тірліктің мәңгі арналарымен жалғасып.



Пікірлер (2)

Гулназ

Керемет

Гулназ

Керек болса сол орынґа мен бараиын,. Қазақ үшін ештеңе бітірмеппін. Қазақ үшін жанын берген қазақ қызы деген атақ тым болмаса мен алатын. Фаризажан тұр орныңнан өмірге қайта келші.

Пікір қалдырыңыз

Мақатаев туралы жыр

  • 1
  • 4

Бір өзі мұхит сынды жағасы арман,
ағысы жағасына жара салған;
толқыны, тасқындаса, тау қопарып,
жабықса, жусаннан да аласарған.

Толық

Мына кештің ғажабы-ай

  • 0
  • 0

Мына кештің ғажабы-ай,
Сарыарқаның кештері.
Көк аспанның ажары – Ай
жұлдыздарды екшеді.

Толық

Дастарқан

  • 0
  • 0

Дастарқанға шақыру-ақ мүң екен:
ұшып тұрды тақта отырған зұлымдар,
Жандарында бір кеш жатқан арулары жымыңдар:
кеуделері тырсиып тұр, дәл арадан аумайды,

Толық

Қарап көріңіз