Өлең, жыр, ақындар

Шыдам

  • 22.07.2016
  • 0
  • 0
  • 12251
Бұл адамдар шыдап жүр қалай маған?
Сырбаздықты әдетте қалайды адам.
Шындықты айтар шыдамсыз болмысымнан
зардап шегіп жүргендей бар айналам.
Өткіншінің бәріне қарсы жаным,
сезе қалсам, сарқылып бар шыдамым,
адамсыған ақылгөй орталардың
есіктерін сыртынан тарс ұрамын.
Содан мүмкін болмай жүр жолым менің;
содан мүмкін жарқылдап көрінбедім.
Жалғандықпен жарасым таппағанда,
жатады ылғи бұлт құшып көгімде Күн
Жалтақтармен, әйтеуір, көп егесім,
көп егестің білемін жебемесін.
Төзіп бағам,
бәрібір шыншылдығым
талқандайды шыдамның керегесін.
Өмірге аяқ басқалы мұны білгем,
епсектілер жемімді бұрын ілген.
Ақыл енбей сонда да,
арпалысып,
келем әлі сойылға жығылумен.
Шындық іздеп шыққанмен айбарланып,
ақымақтай көрінер жайды аңдадық...
Маған төзген жандардың шыдамына
отырамын кейде өзім қайран қалып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ер-тұрман

  • 0
  • 1

Өртейді бір өкініш жиі мені…
Киіз үй. Мекеніміз қиыр еді.
Анамның алданышы, сүйінері –
әкемнің ер-тұрманын күніне бір

Толық

Ғашықтық

  • 0
  • 0

Ғашықтық, сенің көгілдір ымырт шақтарың,
тағы да: «Мәңгі сендікпін»... сәттер қас қағым.
Ұйқысыз түндер, бұлыңғыр күндер тағы да,
алысқа кеткен желкендер маңы - ақ сағым.

Толық

Қызғаныш пен зұлымдық

  • 0
  • 0

Қызғаныш пен зұлымдық –
бақытсыздың құзыры.
Серігі сол ғұмырлық,
жоқтай өзге қызығы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар