Өлең, жыр, ақындар

Күрең күз

  • 15.09.2016
  • 0
  • 7
  • 43454
Күп-күрең менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күн!
Жаз келер және жап-жасыл,
Жақсылық тағы тілермін.
Жадырап өмір сүрермін,
Қош енді, қош бол, күрең күз!

Қайырмасы:
Қош енді, қош бол, күрең күз
Күрең мұң саған жібердім.
Күлермін деп ем түнердің.
Білермін қалай, білермін.

Жыртылып жатыр күрең жер,
Күрең жер — тозған кілемдер.
Күрең тау анау, күрең бел,
Күрең бел — жиған кілемдер.
Жаз келер және жап-жасыл,
Жасауын жердің түгендер.

Қайырмасы:

Қош енді, қош бол, күрең күз!
Ақ қысты тездеп жібергіз.
Ақ қыстай әппақ бір елміз,
Ширығып біраз жүрерміз.
Шынығып өмір сүрерміз.

Қош енді, қош бол, күрең күз,
Қайырмасы:



Пікірлер (7)

Алтынай

Музарт тобы ән ретінде орындайды ма әлде..........................................онда білем

Ақниет2008

Бұл ән өте әсерлі екен

Ақниет2008

Бұл ән өте керемет жүрекке өтеді екен

Шахриазда

өте керемет өлең жүрек түкпіріне жететіндей өлең.Бұл өлеңді Мадина Ералиева апкемиз ерекше әнмен орындап өмірден озған.

Қарақат

Керемет екен

Ақжол

Өте күшті өлең маған қатты қатты ұнады

Анияр Айша

Мұқағали мақатаев ол жақсы өлеңдерді жазған маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Махаббат бейуақытта табыспайды

  • 1
  • 2

Жай ғана көңілде жоқ қалағаным,
Кешкілік бақты ұзақ араладым.
Өбісіп те өлісіп екеу отыр,
Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.

Толық

Сал-сал жырым

  • 1
  • 3

Сал-сал жырым, сал жырым,
Ағытыл, алтын сандығым.
Сен бар жерде баймын да,
Сен жоқ жерде жарлымын.

Толық

Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған

  • 1
  • 3

Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған,
Баяғы бала мінез, бала тұлғам.
Дәл осылай он алты жасымда мен,
Басымнан түн өткеріп, таң атырғам.

Толық

Қарап көріңіз