Өлең, жыр, ақындар

Көк тудың желбірегені

  • 15.09.2016
  • 0
  • 4
  • 25304
Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені -
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.



Пікірлер (4)

Белла

Керемет көк туымыз желбірей берсін

Анель

Жақсы екен бірақ көк тумыз туралы əдемі
Күшті шығарма болса жақсы болар еді.

жанар

Рахмет сіздерге тауып алдым

Нико

Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз