Өлең, жыр, ақындар

Алып қоңырау

Ы.Алтынсаринның 175 жылдығына арналады.

Қостанай Торғай даласын,
Оятқан алып Қоңырау.
Қазақтың қара баласын,
Жинаған алып Қоңырау.

Қиын-қыстау заманның,
Жұлдызы болып жарқырап.
Қуарып жатқан өлкеге,
Бұлақ болдың арқырап.

Бір Аллаға сиынып,
Саманнан мектеп қаладың.
Әліппе беріп қолына,
Сауатын аштың баланың.

Бастадың сара жолыңды,
Ұл-қызын жинап даланың.
Дара жол болып тарихта,
Есімі қалды дананың.

Қостанай облысы
Қостанай ауданы
«Глазунов орта мектебі» ММ
мемлекеттік тілде оқитын 6-сынып оқушысы Марқабаева Мөлдір Асылханқызы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз