Өлең, жыр, ақындар

Көш бастаған - Президент

Тәуелсіздік көк жебесін желбіретіп,
Көш басында ел мақтаған - Президент.
Сын сағатта еліне еңбек етіп,
Арманына қол жеткізген – Президент.

Қазағым деп соққан оның жүрегі
Отша қайнап, лаулап жанып жүреді.
Халқыменен бірге болған сәттерде,
«Аман болшы елім» оның тілегі.

Егемендік алып келген еліне,
Қазағымның ұлан-асыр жеріне.
Дербес елдің көк туын желбіреттің,
Жаңғырды «Қазақ» аты жер-жерлерде.

Таулар менен өзен, көлдер «қазақ» деді.
Аспанда ай мен жұлдыз «қазақ» деді.
Даңқың мен абыройың арта берсін,
Әз, Елбасы бастаған қазақ елі.

Тәуелсіз, егеменді жерінде
25-ін тойлап жатыр қазақ елі.
Ғұмырың ұзақ болып Қазақстаным!
Мәңгілік жасай берші қазақ елі!

Елінің абыройын асқақтатқан,
Көш басында, ел мақтаған Президент.
Қажырлы, талмас қанат, ерлігімен
Арманына қол жеткізген – Президент.

Павлодар облысы,
Ертіс ауданы,
Ынтымақ ауылы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Айтмаганбетова Айнагуль Торшановна



Пікірлер (4)

Ainagul67

Білім алл сайтына өз атымнан рахмет айтқым келеді. Шығармашылық табыс тілеймін. Шарасыздықта қол ұшын созған көмекші болдыңыздар.Жасай беріңіздер дегім келеді.

Бекнұр

Басқа тақырыптарға да байланысты өлеідеріңізді күтеміз

Ainagul67

рахмет

Қуандық Зейнеп

Сіздердің сайттарыңыздағы өлеңдер өте тамаша.Осындай сайттар көбейе берсін.Көмектеріңізге рахмет.Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз