Өлең, жыр, ақындар

Шолақ өмір

Өмір деген жалын екен,
Жалыны шарпып өтеді.
Неге шіркін жастық шағың,
Жалт етіп тез өтеді.
Неге артына балалық,
Бір қарамай кетеді?
Зер салып халқым ойласаң,
Табыт пенен бесіктің
Аралығы екі елі.
Содан да анық белгілі,
Өмірдің шолақ екені.
Өмір деген аққан селдей,
Өте шығар зырылдап.
Ұрпағымыз үйренсе екен,
Үлкендердің тілін ап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Заман заңы

  • 0
  • 1

Дүние-теңіз, адам-қайық есетін,
Өмір гүл ғой өсетін де өшетін.
Заман дауыл, адам қаңбақ сияқты,
Ыңғайымен тек домалап көшетін.

Толық

Дос көңілі

  • 0
  • 0

Шарасы жоқ пендесі,
Басқа салса Алласы.
Досқа қатер кездессе,
Құрбан болар жолдасы.

Толық

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Тірлікте қадірің де,күйін де бар,
Болса егер бала дана,ақылды жар.
Ағайының құрметтеп тұрған шақта,
Жыртылса ар-намысың қиын болар.

Толық

Қарап көріңіз