Өлең, жыр, ақындар

Жалғыздық

Тірлікте қадірің де,күйін де бар,
Болса егер бала дана,ақылды жар.
Ағайының құрметтеп тұрған шақта,
Жыртылса ар-намысың қиын болар.

Тамақ тоқ, заман тыныш,киім де бар,
Үй толы қымбат жиһаз бұйым да бар.
Жарасы екі дүниеде жазылмайтын,
Ұрпақсыз өткен өмір қиын болар.

Кей-кезде айналдырып соғар құйын,
Естісең ызғарлы сөз,тоңар миың.
Жалғыздық жарасқан ғой бір Аллаға ,
Пендеге жалғыздықтан не бар қиын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазағым, намысынды қайра деймін

  • 0
  • 0

Қазағым, намысыңды қайра деймін,
Дініңді мұсылмандық ойла деймін.
Ана тілім-ұлт тілі,қазақ тілі,
Қомсынбай өз тіліңде сайра деймін.

Толық

Қара жер

  • 0
  • 0

Жадыратып бәріңді күлкіменен,
Көңілсіздік көрмейсің бір күні менен.
Табаныма сезіліп тұрады ылғи,
Жұмыр жердің жүрегі бүлкілдеген.

Толық

Сақта таза арыңды

  • 0
  • 1

Білімді бол,жоққа басты игізбе,
Қайратты бол, қайғыға бет сүйгіш бе.
Қанағат қыл, үлесіңді өте де,
Арсызға еріп, арыңа шаң тигізеді.

Толық

Қарап көріңіз