Өлең, жыр, ақындар

Ғашық болғым келеді

Ғашық болғым келеді, ғашық болғым...
Сол адамды көрем деп асық болғым,
Жұдырықтай жып-жылы жүрегіммен
Келеді сұм өмірден қашық болғым!

Ғашық болғым келеді бір адамға...
Жеткізбестен демейтін, құлағанға,
Мейірімі көрінер көздерінен
Жұбататын жүрекпен, жылағанда.



Пікірлер (1)

Erkalamger

Ғашық болу - ойланбай отқа бару,

Ар мен сезім дауына, сотқа бару.

Ғашық болу - сабылып, іздеу екен,

Жүрегіңде тұтанған шоққа дәру.

 

Ынтық болсаң, алаулап, жанасың ғой,

Бар рахатты сол жаннан табасың ғой.

Сезім, шіркін, үйіріп әкеткенде,

Өз-өзіңді танымай қаласың ғой...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар