Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз туралы ой

Ұстаз болу сый етілген өміріне,
Қиын бірақ оны алып жүруі де.
Өмір жолын ұстаздыққа арнаған
Талай мықты ұстаздар бар елімізде.

Шәкірттерін сусындатқан білімімен,
Шыңдатып мыңды үйреткен жүрегімен.
Ұстаз деген ұлы атақты пір тұтып
Өз үйім деп санаған мектептерін. .

Сен оның түр келбетін сараптама
Мін болады аппақ жүзды парақтада.
Ұстаздан шәкірт озар дейді қазақ
Әрқашан бізге болсын ұстаз дара.

Ұстазымның пейілі дархан шіркін,
Мейірімін әрқашада аямаған.
Ардақты, аяулы да ұстаздарым
Құтты болсын бүгінгі мейрамдарың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұстазға арнау

  • 1
  • 17

Ұстаз деген биік тұлға байсалды,
Талай шәкірт жүрегіне ой салды.
Бар ғұмырын ізденіспен, еңбекпен
«Білім» деген ұлы көшке жол салды.

Толық

Қарап көріңіз