Өлең, жыр, ақындар

Елбасына

  • 20.02.2017
  • 0
  • 0
  • 1550
Перзентсің туған жерге бір баласың,
Басшысың бірге бауыр,бірге ағасың.
Көркейтуде гүлденуде үлес қостың,
Қазақтың мынау байтақ кең даласын.

Ата -баба арманы азат күнді аңсаған,
Тəуелсіздік көк туын желбіреттің өз ағам.
Президент боп тұрдың сен байтақ қазақ еліне,
Көркейттің сен,көрік бердің менің туған жеріме.

Еңбек етіп жүр екенсіз аянбай,
Қиыншылық кедергіге қарамай.
Ұлылығын көрдім сізден заманның,
Бірі екенсіз қарапайым адамның.

Аспанда қалықтаған еркін қыран,
Дəл осылай шарықтаған біздің ұран.
Қайратты қолмен істеп көзбен көрген,
Назарбаев Нұрсұлтан нағыз ұлан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз