Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік - Тәңірдің ұлы сыйы

25 жыл, 25 жыл азатпыз
Шүкір дейміз болғаны үшін ғажап күн
Тәңірімнің тартуы бұл азаттық
Талай жандар аңсап күткен зор бақыт

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді
Қаншаа адам осы жолда ерледі
Тарихында азаттықтың орны ерек
Батырларды барша қазақ біледі

Желтоқсанның ызғарына тоңдық бз
Армандардың асқарына қондық біз
Көп жылдағы күрестердің жемісі
Егемендік туын қолға алдық біз

Міне, бүгін аңсап күткен сол жеңіс
25-ке енді ғана толады
100-ге келет(ді) 1000-ға келет(ді) сенеміз
қазақты әлі биіктерден көреміз

Азаттығым - мақтанатын құралымсың
Көгімізде мәңгі асққатап тұрады шын
Бабалардың аңсап кеткен арманы ең
Елімнің суалмайтын гүл бағысың

25 жыл егемен таң атқалы
Гүл жайнады Отанымның бақтары
Мұның бәрі Нұрағаның еңбегі
Абыроймен ел сенімін ақтады

Қуан қазақ, қуанатын күн бүгін
Барша әлем мойындады Қазақстанның елдігін
Қиын күндер артта қалды, тәубә етем
Асқақататып тойлайықшы кел бүгін

Бүгін тағы шабыттанды жас ақын
Жер шарына танытады ол қазақ атын
Осындай қуанышты күн көп болсын
Құтты болсың мерекеңіз ұлы халқым

Елім биік, халқым көкке самғасын
жастарымның қанаттары талмасын
Елге деген патриоттық махаббат
Жүректерде жалын болып лауласын



Пікірлер (3)

Дүйсенова Айгерім

Жарайсыз

Гүлназ

Өте керемет

Гүлназ

Өте əдемі жазылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер