Өлең, жыр, ақындар

Өмір сырын көздесең...

  • 15.04.2015
  • 1
  • 1
  • 9853
Өмiр сырын көздесең,
Жарға шоқын, жаннан без.
Сыр қаласын iздесең,
Сырлы сұлу тамнан без.

Болат кiсен – тақ саған,
Темiр ноқта – бақ саған,
Дәулетiң – у мақтаған,
Пайда, мақтан, малдан без.

Жақыным, сыйлас, жатым деп,
Ешкiмдi айтпа халқым деп,
Бiрiнен-бiрi тартып жеп,
Таласып жүрген аңнан без.

Дүние құмар өзiмшiл,
Нұр таба алмас, анық бiл.
Жардың сөзiн Құран қыл,
Шатақ дiн мен заңнан без.

Пән жамылған әлiмдер,
Дiн жамылған зәлiмдер,
Бере берсең, бәрiн жер,
Сол жалмауыз паңнан без.

Пайғамбар қыл ақылды,
Сол табады мақұлды,
Адасып әлiм шатылды,
Ол шатасқан шаңнан без.

Қараңғыны көрiп қас,
Арақ iшiп болып мас,
Жар нұрымен көңiлдi аш,
Жайдары жаққан шамнан без.

Бұл насихат тыймаса,
Ойыңа сөзiм сыймаса,
Дағдыны көңiлiң қимаса,
Жалмауыз бол да, жардан без.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Наушеруан аңда жүріп киік атқан...

  • 2
  • 1

Наушеруан аңда жүрiп киiк атқан,
Аң етiн жемек болып асып жатқан.
«Ет пiскенше тез кел‚ – деп бiр жолдасын,
Тұз әкел»,– деп жұмсапты бiр қышлақтан.

Толық

Міндеу мен күндеу

  • 2
  • 1

Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер
Пайдалансын, ұқсын деп кейінгілер.
Сынға салып талғамай талапты жас,
Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.

Толық

Дубровский әңгімесі

  • 1
  • 0

Өлшеусіз көп жасаған дүние кәрі,
Тағы талай жасамақ мұнан да әрі.
Иесінен басқаға мәлім емес,
Қанша тұрмақ, қанша жыл тұрғандары.

Толық

Қарап көріңіз