Өлең, жыр, ақындар

Көздеріңе қараймын...

Екеуміздің арамызда үнсіздік,
Сен де маған қарайсың жәй жымиып,
Менде саған қарап тұрмын көз алмай,
Көзімді алсам, айырылып қалардай.

Қыз қылығы ұнайды ғой көбіне,
Көздеріміз кездескен сәт есімде,
Екеумізде сеземіз ғой ертеңді,
Сезіміміз шын ба, әлде ертегі?

Қойшы күнім, қайтеміз біз ертеңді,
Бүгінгі күн бітпесе екен, көктемгі,
Қол созсамда неге саған жетпейді,
Елессің ба, бейнең неге,
Көз алдымнан кетпейді.

Елес болма, есімнен адастырма,
Көздеріңнен маған нұр шашасың ба,
Қарай бергім келеді, көзім тоймай,
Ал сенің көңілің, баяғыдай.



Пікірлер (1)

Сұлтанахмет

Маған өтте қатты ұнады себебі мағыналы, өте қарапайым тілде жазылған. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін тағыда бұданда жақсы өлең шумақтарын күтетін боламыз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз