Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • 12.04.2017
  • 0
  • 2
  • 12268
(баланың тілегі)

Сенде есейіп, сенде артады ұғымым,
Сенде өткізген балалығым – ұлы күн.
Отан деген не десе егер, сен дер ем,
Кие қонған туған жерім, тұнығым!

Сенде өткізер балалығым – пәк күнім,
Сен сіңірдің бақ күндердің ақ нұрын.
Бақыт деген не десе егер, сен дер ем,
Тұнық мекен, туған елім, шаттығым!

Балалықтың бал дәурені тұнған жер,
Пәк жүректен шаттық болып жырланды ел.
Қуаныштың, құдіреттің барлығы
Сенде жатыр, саған сыяды, туған жер.

Сенен іздеп табам бақтың барлығын,
Сенен жинап алам бақыт таң гүлін.
Сені ұлық тұтам әр кез, қастерлім,
Сенде алаңсыз өтсін дер ем бал күнім.



Пікірлер (2)

Жазира

Қызыма жаттатайын деген едім

Жұлдыз

осы олендердын барлығы куштты

Пікір қалдырыңыз

Қастерлі тұлға - Мұғалім

  • 0
  • 0

Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі.

Толық

50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы

  • 0
  • 0

Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із,
Папа, сіздің бүгін туған күніңіз!
Сіз 50-ге толғанда, Әке, жырменен
Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз.

Толық

Той тілегі

  • 0
  • 0

Дүние-думан әлемді сан айналып,
Жеткендей дүбірлі той тағы айналып.
Жұбайлардың көңіліне шуақ шашты,
Басталды бақыт тойы арайланып.

Толық

Қарап көріңіз