Өлең, жыр, ақындар

Бал күндерім!

Бал күндерді,балалықты үзіп-ап,
Кетті өмір,елеместен зымырап.
Сағындым қуанышты кездерімді
Құлағанды, жылағанды мамалап.

Күлкі кетер,жастық өтер зуылдап,
Өмір сүру бара жатыр қиындап.
Жамандықта қиындықпен жоғалар,
Күлкіменен,қуанышпен қарсы алсақ.

Жаңа өмір,жаңа парақ ашылар,
Нұрланып бір күн шуағы шашылар.
Әлі алда қуаныш та, қайғы да,
Төтер берер қиындыққа мықтылар.

Төзе тұғын күшің бар ғой бойыңда,
Бір құласаң, ештеңе етпес,мойыма.
Осыларды жеңіп шыға алатын,
Кіл алғырдың ақылы бар ойыңда!

Сезімде, бақытыңда алда болар,
Шаман жоқ,бұған сенің бұрылар.
Ойыңа алма махаббатты сен әлі,
Уақытында иманды жан жолығар.

Бал күндерім ұмытылмас мәңгіге,
Еске аламын қуанышпен әлі де.
Күлкімен,мұңмен де бейнелеймін,
Өмірімнің бөлшегі ғой, мәні де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз