Өлең, жыр, ақындар

Шәкіртке

  • 20.05.2017
  • 0
  • 0
  • 1569
Мекен еткен жер шарын ұлттар тілін алайық,
Ғалымдарым зерттеген деректерге қарайық.
Мерекесі тілімнің құтты болсын, балалар!
Өнерден де өлеңнен тыңдап ғибрат алайық.

Дөңгеленген дүниеде бес мыңдай тіл бар екен,
Жазба тілі солардан алты жүзден аз екен.
Мемлекеттік тілдердің санатынан қарасақ,
200-дей делінген, ойлан, ойлан болашақ.

Қазақ тілі тарихы теңіздегі маржандай,
Тіл білімі болмайдыәр сөйлемі талданбай.
Зерделеп ал жадыңа жаңа сабақ өткенде,
Әр тақырып сен үшін нұрлы сәуле алғандай.

Алтай, ғұннан, түркіден, қалыптасып дамыған,
Жаңа дәуір дейтұғын бес дәуірден өтіпті.
Ақпаратын ғасырдың саналы ұрпақ таныған.
Қазақ тілі тарихы бүгін саған жетіпті.

«Мәртебелі тілдерден» ести ме әлем үніңді,
30 елге енетін жақындат ұлым, күніңді.
Даналығын ұлтымның ұштастыр да біліммен,
«Халықаралық тілдерге» көтер, қазақ тіліңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз