Өлең, жыр, ақындар

Махаббат

  • 30.05.2017
  • 0
  • 0
  • 4881
Өр кеуде сенің мінезің,
Мыңдарға татыр бір өзің,
Жырымды саған арнайын,
Қыр қызғалдағындай гүл өзің.

Бақыттың бағы сен дедім,
Сені ойлап қана келемін,
Сен менің жігер-рухымсың
Сен менің биік кемерім.

Муза боп мендік шабытқа,
Өгейлік маған танытпа.
Шырқалсын мендік шаттық ән,
Биікте, қалқам, қалықта!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елбасына арнау

  • 0
  • 17

Қызыл тіл сөйле десе, сайрай түскен,
Шындықты жырлай берем тынбай іштен.
Жыр-дода дегенде мен дәуірлеймін,
Жорға тілді қалдырмай заңғар көштен.

Толық

Мен – қазақтың қызымын (Қазақ қызының монологы)

  • 0
  • 1

Мен – қазақтың қызымын, дара туған,
Текті аналар рухынан жаратылған.
Күннен сәуле аламын, құлпырғанда,
Айдан нұрға малынам, жаңа туған.

Толық

Ойлан!

  • 1
  • 1

Тыңда мені, жігітсымақ желіккен,
Көлік мініп, ақша шашып еріккен.
Қанша қызды ойыншық қып мәз болдың,
Ару қыздың сен көз жасын көріп п(а) ең

Толық

Қарап көріңіз