Өлең, жыр, ақындар

***

  • Grant
  • 09.06.2017
  • 1
  • 4
  • 3934
Уақыт деген зымырап, еш ырқыма бағынбай,
Балалығым тұр артымда, күтіп тұрған сағымдай.
Уақытпенен күресуге шығам әлі қағынбай,
Күресуге шыдай ме екен, қасқалдақтай жаным-ай.
(Ағып жатқан уақыттарға жүре алам ба табынбай?)

15 жылым өтіп жатыр өзіме еш білінбей,
Кеше ғана бала едім ойнап жүрген үрімдей.
15 жылым өтіп жатыр өзіме де байқалмай,
Уақыт - деген тоқтамы жоқ мәңгі шексіз сайқалдай...

Бала емеспін бұрынғыдай асыр салып ойнайтын,
Жасым келді өмірлік бір, тоқтауыма тоқтайтын.
Асу-асу белдерден өте алмай, мың құлайтын,
Құлағаннан сабақ алып, жүйрік аттай тулайтын.
Сабақ берер өз өмірім, еш тоқтаусыз зулайтын,
Кезім келер, осы өлеңді оқып тұрып жылайтын.
Ащы уақыт , кезің келер мені әлі жоқтайтын,
ӨЗ ТАҒДЫРЫМ - ОҚ ҚЫП МЕНІ , АЛҒА ҚАРАЙ ОҚТАЙТЫН!

(с) Ернар ЕРГЕШ



Пікірлер (4)

Нұртас

Рахмет

Ерназар

Әдемі жазылған!

Сапаркул

Әдемі,әсерлі

Назерке

Өте жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз