Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз деген!

Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қолын созғанын,
Ұстаз деген шын жүректен тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Келеді менің ұстазыма ұқсағым.
Ұстаз деген қарапайым қашанда,
Құрметтейміз өзіңізді ұстазым.

Тілейміз біз амандық пен бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты.
Білім алған өзіңіздей ұстаздан,
Біздей шәкірт шынындада бақытты.

Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары дала сайрап жатқан сан ізбіз.
Білім беріп тәрбиелеген ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.

Insta: galim_b



Пікірлер (1)

Асем

Маған қатты ұналы, қатты көмектесті

Пікір қалдырыңыз

Қайта оралдым!

  • 0
  • 1

Қайта оралдым жарыққа алаңдама.
Жетеледі бір сәуле қалайғана?
Уақыт салып араға зымыраған,
Қайта оралдым, жарығым уайымдама.

Толық

Қарап көріңіз