Өлең, жыр, ақындар

Ерекше естен кетпес қызық қайда?

  • 15.04.2015
  • 1
  • 9
  • 42452
Ерекше естен кетпес қызық қайда?
Жолығатын қыз қайда терең сайда?
Сұлулығын қояйын, мінезі артық,
Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.

Бұл өмір қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.

Жүректен ізі кетпес қызық көрсек,
Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек,
Жақынның да, жардың да, асықтың да,
Бәрінің де қызығын көріп білсек.



Пікірлер (9)

44

маган бул олен унайды

Назерке

Керемет мен жақында сайысқа қатысамынСоған Абай Құнанбаевтің 30 өлеңін жаттау

Ақерке

Мен жақында төртінші сыныпқа барам. Сонда бізде апталық балады. Соған мен Абайдың он қара сөзі мен он тақпақты жаттауға берді

Анара

Күшті

асел

рахмет мен осы оленди издеп журген ем

Маған ұнайды

Бірақ оны жатта алмаймын

Мықты

Маған оңай жаттау, мен мықтымын, жылауық емеспін

Пікір қалдырыңыз

Сұрғылт тұман дым бүркіп

  • 0
  • 2

Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды.
Жеңіменен көз сүртіп,
Сұрланып жігіт жылайды.

Толық

Шәріпке

  • 1
  • 3

Түңлікбайдың қатыны, атың – Шәріп,
Байға жарып көрмеген сен бір кәріп.
Сен – шыққан жол үстінде жалғыз түп ши,
Көрінген ит кетеді бір бір сарып.

Толық

Көкбайға

  • 1
  • 5

Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды.
Ол жыламай қайтіп тұрады,
Мынау азған қу заман

Толық

Қарап көріңіз