Өлең, жыр, ақындар

Жездеге тілек

  • 10.10.2017
  • 0
  • 3
  • 162520
Жарқырап осы күнмен айдын бағы,
Тағы да қуанышта ой туғаны.
Жездеміз мерей жасқа толып отыр,
Шаттықтың сезіледі той-думаны.

Осындай есімізде сақталар күн,
Ап келсін тоймен жылдың шат қабағын.
Белес күн биігіне шығып отыр
Әкесі бүгін, міне, төрт баланың.

Тілейміз сондай күнді көпке біз де,
Мәні бар деп қарайық өткен ізге.
Туған күн құтты болсын тойға лайық,
Дегелі тұрмыз жезде-әпкемізге.

Осылай шаттық нұрын жайғанында,
Жездеміз жетсін ізгі арманына.
Қызығы отбасының талай келіп,
Тұрайық тілек айтып тойларында.



Пікірлер (3)

Талгаткызы Жайна

Анашым!
Асыл анам есіл анам
Елжіреп есіркеймін есіме алам
Мен үшін сен суалткан ак сүтінді
Актамасам боп жүрмін несіне адам
Алыс жолда жүрсем де арып ашып
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шык .
Окытып кешеу барған хаттарымды.
Отырмысын үрпиіп ,жаның ашып?
Анашым!Кайда жүрсем сен күшім,
Сүйемін дидарынды,мен құшамын.
Қайда барсам,өзіңдей қалады
Кен байтак Отанымның кен кұшағы!

Альбина

Керемет бары

Ақниет

Керемет өлең екеен

Пікір қалдырыңыз

Мәдениетті қолдау жылы

  • 0
  • 0

Өмірдің көп екен-ау бұралаңы,
Осы еді тақырып қып құрағаны.
1910 жыл – алғаш рет
Өмірге келді қазақ романы.

Толық

Қыз сыры

  • 0
  • 0

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу сезімімнің ән боп самғаған арман күні -
Жолықтым саған.

Толық

Тойға тілек

  • 0
  • 0

Өмірге сыйлағандай көктем гүлін,
Той болып қуаныш күн жеткен бүгін.
Көтерген құтты болсын шаңырағың,
Тілектес шаттығыңа әпкең бүгін.

Толық

Қарап көріңіз