Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік - тұғырым

Тəуелсіздік - тұғырым.
Көк туым желбірейді аспанымда,
Бəйтерек тамыр жайған Астанамда.
Қалам алып қолыма жыр жазайын,
Көңілім шаттыкка бір тасқаныңда.

Кешегі ата бабам аңсап кеткен,
Оян деп қазағым жар сап кеткен.
Тауелсіздік кезінде дүние көрген,
Арманым жоқ бақыттымын мен неткен.

Жаулардан оңай келген жол емес бұл,
Біз бүгін баскаларға емеспіз құл.
Өз күніміз болғалы жеке дара
Болыптығой оғанда жиырма бес жыл.

Жиырма бесте қазағыма қуат біткен,
Бір Алла елімізге шуақ төккен.
Ұрпактары кешегі Алашымның
Дарындығой бірінен бірі өткен.

Қазағым мойымағын тауелсізсің ,
Тəуелсіздік қаныңа терең сіңсін.
Батырларын ұмытпас ұрпақ барда,
Қара күнді көруге дəрменсізсің.



Пікірлер (5)

Арман

Жақсы жазылған негізі

Гулмира

Сәлеметсізбе осы өлеңнің авторы кім

Ешкім емес

Мен осыны ертең жаттаймын рохмәт

Айсулу

Осы өлеңнің авторы кім? Айтыып жіберіңіздерші

Қонысбек

Автор кім

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз