Өлең, жыр, ақындар

Қыз тағдыры


Тәңірім-ай неткен қатал едің сен,
Бір адамға бар қасірет бердің сен.
Кеше ғана кездестіріп бір жанды
Батылдығын сол бір жанның көрдім мен.

Жас кезінен не қиындық көрмеген
Тағдыр оған не қиындық бермеген.
Жетім қалып жастайынан анадан
Қиындыққа қолын бір-ақ сермеген.

Бес жасынан жетім қалып анадан
Сонда да ол айрылмады санадан.
Үйін жинап, отын жағып жылытып,
Тамсанады бұл қызға да сан адам.

Ал әкесі арақ ішер күні-түн
Сылтау айтып ішіп келді ол бүгін.
Қызы оған: «Қойшы әке» десе де
Арақ ішіп азап етті өмірін.

Қайта арақ ішіп келді тағы да
Ішіп-жеуге жоқ қой міне асы да.
Арақ үшін ұрлық жасап жүреді
Еш адам жоқ ақыл айтар қасында.

Жылаған қыз анасын да сағынады
Қатал сынға еріксіз бағынады.
Көріп мына жалған өмір сынағын
Жылулық іздеп бұл өмірден жабығады.

Ол қыз бірақ болашаққа сенеді
Бұл сынға да амалсыздан көнеді.
Өмірдің бұл заңы ғой еш бұзылмас
Қуаныш пен қайғы қатар жүреді.

Әке шықты ақша таппай тамаққа
Неге мұнша салындым мен араққа
Қайыр сұрап әке отыр мұңайып
Тағалмассың тағдырыңа бір айып.
Бір қарт ата қасына келіп аялдап
Ақыл айтам мен бір саған тұрарлық:
-Үзілердей не болды сенің үмітің
Сап-сау адам, көріктісің жігітім.
Қайыр сұрап не туды мына басыңа
Не болса да жассың әлі жасыма.





Деп айтты да тұрып кетті орнынан
Ойланып бала, қалпында қалды отырған.
Жай ғана тұрып үйіне барып өзінің
Отырды келіп төсегіне сол тұрған.

Жылдар өтіп әкесі арақ қояды.
Қуаныш пен шаттыққа үйі толады.
Иманды жолға бет бұрған соң әкесі
Бұл үйге де бақыт келіп қонады.

Қуанып қызы, сұлу қыз боп өседі
Әкесімен бақытты ғұмыр кешеді.
Шаттанып үйі, көңілді күйге бөленіп
Ұмытылды мәңгі қайғылы күндер кешегі.

Ойламаңдар «арақпен бәрін шешем» деп
«Арақпен мәңгі қайғысыз өмір кешем» деп.
Ойламағын жан болсаң егер иманды
Арақсыз қайғы ұмытылмас есем деп.

Балаларды бақытты ет тәңірім
Жабырқаулы көңілім менің сәл бүгін.
Аналарым ұзақ өмір сүрсе екен
Баласына сыйлаған әр күн-түнін.






Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз