Өлең, жыр, ақындар

Жалын мен оттан жаралып

  • 15.04.2015
  • 1
  • 7
  • 28685
Жалын мен оттан жаралып,
Жарқылдап Рағит жайды айдар.
Жаңбыры жерге таралып,
Жасарып шығып гүл жайнар.

Жайына біреу келсе кез,
Белгілі жұмыс, сор қайнар.
Қуаты күшті нұрлы сөз,
Қуатын білген абайлар.

Жалын мен оттан жаралған
Сөзді қғатын қайсың бар?
Партия жиып пара алған,
Пейілі кедей байсыңдар.
Қулық пенен құбылдан
Жалықсаң, жақсы жансыңдар.
Түзелмесе шұғылдан,
Арсылдар да қалшылдар.
Несі өмір,
Несі жұрт?
Өңшең қырт,
Бас қаңғырт!



Пікірлер (7)

гүлнүр қуанова

Керемет

Аружан

Керемет

Карина

керемет жақсы

Айгерім Акимбаева)))

Өте керемет сондай мағынасы ашық жазылған .Маған өте қатты ұнады ,көңілім толды.
^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^^

Аймерей

Оте керемет маған ұнады!

Шабытымды ашып жыберды !

Шабытымды ашып жыберды !

Пікір қалдырыңыз

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

  • 2
  • 14

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Толық

Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек

  • 0
  • 1

Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек,
Бой жеңбек, ер жігітке, ғақыл таппақ.
Тағдырын көрушінің хақтан біліп,
Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап.

Толық

Ой

  • 1
  • 2

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс — өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.

Толық

Қарап көріңіз