Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың алтын дәуірі

Бабамның арман еткені-
Тәуелсіздік күні еді.
Тәңірім қолдап бүгін де,
Еліміз дамып гүлденді.
Жиырма бес жыл ішінде,
Дамыған елдер төрінде,
Ширек ғасыр толыпты,
Тәуелсіздік күніне.

Қазақтың асқақ беделі,
Елімнің аңсап күткені
Егеменді ел еді.
Төбеде ұшып қыраны,
Бейбіт ел болған ұраны,
Жиырма бес жыл толыпты
Еліме бақыт қонғалы.

Қайрат,Ләззат,Ерболдар
Еліме үміт сыйлады.
Нұр аға болған басшысы
Нұрлы жол халқым ұстанды.
Қазақтың алтын дәуірі
Нұрсұлтаннан басталды

Халқымен өткен әр күні,
Жерімде шалқып тәтті үні
Ел үшін мұңлы,қайғылы
Басшымыз халық байлығы.
Жер жаһанға естілсін
Мәңгілік елдің айбыны!



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, авторы өзім дегенді белгілеу керек.
Енгізген өлеңнің жоғарғы жағында(сайтқа логин арқылы кіріп тұрған болсаңыз) Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті болады. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Рәміздерім айбыным!

  • 0
  • 1

Біз қазақпыз!
Азат елміз бүгінде.
Елтаңбам тұр әсем болып төрімде
Әнұраным шарықтады көгімде

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар