Өлең, жыр, ақындар

Анашым...

Жоқ, анашым! Қалғым келмейді, тынысымды тарылтуда қабырғалар қараңғы,
Қолымнан мықтап ұсташы, жеңілдетем мейіріміңмен бойымдағы жарамды
Айналайын анашым, шаршадың – ау мені деп
Күні – түні дұға тілеп Алладан - сақташы деп баламды.

Дәрігерлерден шошыма ана, айналайын даусыңнан шырылдаған,
Сен олардан қорықпа, ең бастысы кеудемде жүрегім соғып тұр, жаным аман
Мен жеңілмеспін, мен сынбаспын, мойымаспын сынаққа
Сондықтанда уайымдама, айналайын жүрегіңнен мені деп еш тынбаған...

Бүгін тағы кіргізбеді, бүгін тағы көрсетпеді өзіңді
Сағындымгой, сағындым ана мейірімге толған жүзіңді...
Тек сен жыламашы, мұң аймашы, мен аяққа тұрармын
Әкемеде айта бар, қызың сенің жігерлі деп, қиындыққа төзімді.

Мына бөлме неге мұнша қараңғы, неге мұнша суық екен білмеймін,
Аспанда жұлдыздарын жоғалтқан бір түрлі бір түндеймін.
Дәрігер ағай, анашыма рұқсат берші, бүгін болсын жанымда
Анашымсыз шыдай алмайым бойымдағы дәрілердің ауруына.

Рұқсат берді... Келе гойшы анашым

Сағындымғой өзіңді кетпеші енді жанымнан,
Жібермеші, мықтап ұсташы менің дағы қолымнан
Алдыңа басымды қойып енді мен ұйықтап алайын
Қолдарыңның иісі қандай тәп-тәтті шаштарымнан сыйпаған...



Пікірлер (2)

Арман

Келе Гойшы анашым, деп қалай қате жазасыздар?

fari080293

Арман, кешіріңіз мен қарамаппын. Оның үстіне мен орыс тілінде білім алып, орыс тілінде жұмыс жасаймын. Сондықтанда қатемді дөрекілік танытпай, ақырын айтсаңызда түсінемін!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз