Өлеңдер бөлімі

Жаңа ғасыр!

Ғасыр өтіп барады, ғасыр өтіп,
Дариядай көктемгі тасып өтіп,
Жылдар қашты даланың киігіндей,
Соңына көз моншағын шашып өтіп.

Тізіп алып өмірдің өткендерін,
Айтарым көп осынау адамзатқа,-
Қуанышпен қарсы алған өмірлерін
Ғасырлар мен ғасырлар тоғысқанда.

Асау толқын толқиды тілегімнен
Лапылдаған алаудай өлеңменен.
Қалықтайды арманым жүрегімнен
Ғасырымда жүрек жарған әуенменен.

Көңіл сазы әлдилеп тербетеді,
Таңғы шықтың әдемі сазыменен.
Ғашықтарша ғасырға сыр шертеді,
Ақын қызың қаламның назыменен.

Қарсы алам жаңа ғасыр, жаңа заман,
Кел, төрлет болашаққа, тым жасқанба,
Жаңа өмір алдында болып аман,
Болашағым – нық басып паң асқақта!

Бимырзаева Айкерім Маханбетқызы
Астана қаласы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (2)

Мерей

Әдемі жазылған!

Asel

Жаксы накыл сөздер

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...