Өлең, жыр, ақындар

Ескі досқа...

Еске түскен сонау бір жанарлардан
Шоқ көремін ешқашан жана алмаған
Сезімін көрсем дағы байқамаспын
Көңілімде соқыр жаңбыр манаураған

Өшің бар ма мына менен ала алмаған
Сөзімді сарп етпеймін əн арнаман
Ішімдегі алай дүлей дауылдарда
Өлеңіммен қосылып тағы жанам

Кешір деуден босама құртып бəрін
Мені көру болады енді сағым
Достық деген ұғымнан садаға кет
Мүлəйісіп жылама мейлі жалын

Жолым бар бастап жатқан болашаққа
Құдай үшін ол жерде сен ар(а)ласпа
Мен бақпын саған емес еш бірақ та
Сол үшін өмірімнен тек алшақта



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз