Өлеңдер бөлімі

Отбасы

Отбасы-ол,Отаным бақ мекені,
Хақ тағала қияды ақ некені.
Отбасы-бір мемлекет шағын ғана,
Одан ұлы елдер де қап кетеді.

Отбасы тату бір ел тұнып тұрған,
Қамқор ата-аналар билік құрған.
Анаң мейір-шапағат нұр төгуші,
Əкең қамқор қолдаушың,алып тұлғаң.

Бауырларым мақсаттары ұштасқан,
Жұлдызы боп жайнайды түнгі аспан.
Сағынысып бір-бірін іздейді олар,
Əуелі өзгелерді бір құшпастан.

Əкең бақыт,береке бастамасы,
Жүрегі шаңырақтың астанасы.
Əкеміз бола білсін Ұлы патша,
Балалар болсын оның жас қаласы.

Ыстық ұя ұйытқысы ғазиз ана,
Анадан туылады небір дана.
Жүрегінің төрінде біздер бармыз,
Жүректен орын алсын асыл ана.

Тəрбиенің бастауы ыстық ұя ,
Біз құрақпыз,ата-ана бір дария.
Ғылым білген ғалым да тағзым етер,
Отбасы,ошаққасы,ол-жанұя.

Том тарихты ақтарсаң Абай өскен,
Шаңырақтан жылылық желдей ескен.
Тəрбие мен бірліктің туы биік,
Татулық шықпасыншы үнемі естен.

Ұлт рухының айнасы саналатын,
Ол жаңарса мемлекет жаңаратын.
Отбасының байлығы ата-ана,
Қадірлейміз олардың ғазал атын!

Басқа да өлеңдері

Өміріңді өзгеге бересің бе?

  • 1
  • 2

Өмір деген-тамаша сенесің бе,
Қайта-қайта сүрмейсің келесіде.
Жек көрем деп налисың өміріңе,
Ал өміріңді өзгеге бересің бе?!

Толық

Пікірлер (20)

yakhudaaruzhan

Жүректен шыққан туындыны бағалауларыңызды сұранамын.Ізгі тілектеріңіз бен ойларыңыз,пікірлеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізді білдірсеңіздер.

Айру Ахмет

Шынымен де керемет екен, бірақ біздің қазақ неге үтір мен сөдердің арасын жабыстырып жазады? Мысалы: - ол,Отаным, қолдаушың,алып - дегендей, қате емес пе? Бірінші рет емес, біраз байқадым осыны

Шарипова Айдана

Шынымен ата ананың балаға деген мейірімі зор

Айкөш

жүректеншыққан шынайы сезім білінеді, ұнады

Нуртай Аяулым

Авторы кым екен

Жансая

Мағанда өлең жолдары қатты ұнады, Бəріңіздің ОтБаСыЛаРыҢыЗғА БаҚыТ тілеймін.

Jenni

Maganda ote katty unady

Такося ханская

Өлең шұмақтары өте тамаша
Маған қатты ұнады

Салтанат

Өте керемет. Мынаны кім шығарса да ақын екен.

6-сынып Жумадил Асылбек

Акем менын коргаушым куным деитын, Анам менын колдаушым тылым деитын, Атам менын акылшым ои беретын,Агам менын бауырым ыным деитын,Суиемын мен барынды, Мангылыке пана болган.

Шаттық Х

24 мың рет оқылған ба? Керемет!

Асемгул

Оте керемет жыр шумактары

тоқжан

Өте керемет.Бəріңізге жаңа бақыт тілеимін.

Айжан

Өте кушті
Керемет

Жанар

Керемет

Канатай

Керемет

Өте керемет

Өте керемет

Асемай

Керемет

Арай

Өте керемет тамаша екен

Мандат

Керемет мыхты

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...