Уақыт, өмір, бақыт

Уақыт - бұзық бір қарамай обалға,
Бір күндері бізді бәлкім тонар ма?
Мен өмірге енді оралып келмеймін,
Мүмкін соның өзі қызық болар ма?

Өмір - арба тағдыр оның жетегі,
Жегілуге бәрімізге жетеді.
Бірақ соған қорланбасын ешкім де,
Қайғы адамды қара жүрек етеді.

Бақыт кептер келеді ұшып кетеді,
Жоқ оның да тұрақты бір мекені.
Бір ақиқат әлсіз туған жандарды,
Сол бақытың өркөкірек етеді!

Солай өтер бұл өмірдің сынағы,
Бірі сынып, мыңы түлеп шығады.
Бұл өмірді білмегенің барып көр,
Білім қуған біліктілер жұмағы.

Басқа да өлеңдері

Топтан озған тарлан боз

  • 6
  • 14

Топтан озған тарланбоз
Сүрініп кетпес демеңіз.
Есепсіз жиған байлығың
Сұраусыз өтпес демеңіз.

Толық

Сырласу...

  • 6
  • 13

Сәлем...өлең,
Алдыңа тағы келдім.
Жүректе сақтаулы әлі,
Айтылмаған бір-аз шерім...

Толық

Ақындардың тағдыры

  • 6
  • 12

Осы жұрт не біледі ақын жайлы,
Ақынды әрине олар мақұлдайды.
Ал менің ақын жайлы пікіріме,
Байқаймын көп адамдар қосылмайды.

Толық

Пікірлер (13)

Romaww

Мықты шыққан!

asem77

Рахмет! Көңілдеріңізден шығып жатса зор қуаныш мен үшін

Мирас Асан

Қаламың ұштала берсін ! Қазақ елінің белгілі ақыны бол

asem77

Рахмет ! Әмин ! сіздің жолыңызды берсін

Мақсат

өмірдің мәні осы үшеуі гой жарайсың

asem77

Ия бұл жай толғаныс жүректен шыққан . Рахмет!!!

Erkyn

jazaryn tauslmasyn jaksy jazynsin

asem77

Айытқаныңыз келсін рахмет сізге!

 

Маусым

Тамаша

asem77

smiley

Жырғау

Керемет!!! Қаламың ұштала берсін. Тек алға!!!

Жырғау

çok güzel. sadece ileri gidiyor

asem77

teşekkürlersmiley

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)