Топтан озған тарлан боз

Топтан озған тарланбоз
Сүрініп кетпес демеңіз.
Есепсіз жиған байлығың
Сұраусыз өтпес демеңіз.
Жарлының жалғыз баласы
Мәртебе алмас демеңіз.
Қамқорсыз өскен жетімді
Биікке бармас демеңіз.
Керуені кеткен заманда,
Бабалар жолын жалғайтын,
Кеменгер тумас демеңіз.
Үміт артар жас ұрпақ ,
Ақын, жырау, дананың,
Ізін қумас демеңіз.
Дәулеті асқан байлардын ,
Мейірім болмас демеңіз.
Жер бетіндегі адамзат,
Байлыққа тоймас демеңіз.
Шөлде өскен сексеуіл,
Сусыз қалмас демеңіз.
Көлде жүрген балыққа
Қармақ салмас демеңіз.
Аяқтан шалар дұшпаның ,
Мүмкіндік туса бір демде
Пәлекет қылмас демеңіз.
Қатар өскен сырласың,
Көңілге қаяу қалдырса,
Айыбын жумас демеңіз.
Бұл фәниге әкеліп ,
Жарық сәуле силаған,
Ананы жаман десеңіз.
Бақ іздеп табам демеңіз.
Бақытты болам демеңіз.
Дұшпанымның бəрі де,
Алынбас қамал демеңіз.
Жанымдағы құрбының,
Барлығы адал демеңіз.
Жымиғанның барлығын,
Жақын адам демеңіз.
Сырттан айтар шыншылды,
Батыл адам демеңіз.
Өзін асыра көтеріп,
Мақтаған жанның бəрінен,
Ақыл аламын демеңіз.
Ақыл алсаң көп істі,
Қатыра алам демеңіз.
Өзім ғана жақсы боп
Жамандықты күлкімен
Жасыра алам демеңіз.
Арамнан жиған байлықты
Шын беделім демеңіз.
Иманға келсем сауапқа
Мол кенелем демеңіз.
Алладан əмір келгенде,
Жəй ғана самал желден де,
Құлауы мүмкүн кемеңіз.
Біздерді мына бір Алла
Құлшылық үшін жаратқан.
Өмірге қалай келеміз,
Дəл солай бір күн өлеміз.


Басқа да өлеңдері

Сырласу...

  • 2
  • 3

Сәлем...өлең,
Алдыңа тағы келдім.
Жүректе сақтаулы әлі,
Айтылмаған бір-аз шерім...

Толық

Уақыт, өмір, бақыт

  • 2
  • 2

Уақыт - бұзық бір қарамай обалға,
Бір күндері бізді бәлкім тонар ма?
Мен өмірге енді оралып келмеймін,
Мүмкін соның өзі қызық болар ма?

Толық

Ақындардың тағдыры

  • 2
  • 2

Осы жұрт не біледі ақын жайлы,
Ақынды әрине олар мақұлдайды.
Ал менің ақын жайлы пікіріме,
Байқаймын көп адамдар қосылмайды.

Толық

Пікірлер (4)

Romaww

Бұқар бабаңша жырлай бер айналайын

asem77

Әмин рахмет

Almaskhapar

yes

 

asem77

smiley рахмет

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)