Өлең, жыр, ақындар

Қиялдағы күз бен қыз...

Қараша.
Қара күздің шамын жағып,
Құстар да тұра алмайды дамыл қағып.
Тәтті елеске ұмсынып сезім құсы,
Мазалайды түнімді,таңымды алып.

Бір ерекше жан іздеп көктен,жерден,
Өктем желден сұраймын,өткендерден.
Мен мәңгілік өлмейтін бақ іздеймін,
Себебі көп бақытым көктемде өлген...

Суығы саябырлау сары күздің,
Жылуы жанға жағар жаныңыздың.
Сарғайтып сағым болған сүйкімді ару,
Жапырақ жүрегімді тағы да үздің.

Үзіп кеттің ,үмітім сенде қалды,
Қайдасың,күз боп қайта емде жанды!
Табиғаттың теңдігін таптап өтіп,
Күз неге орнамайды жерге мәңгі?

Іздеймін...Енді қашан ораласың?
Жаныма өзге жандар жоламасын.
Сабырым да сарқылды бара-бара,
Байлығымды басқалар тонағасын.

Күлімдеген күз сынды келбетің де,
Толған айдай нұр қосқан көлге,түнге.
Мендік жүйрік қиялдан жаратылған ,
Эх...бұл ару бар ма екен жер бетінде?

_Тлеухан_Дәурен_



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кесінді...

  • 0
  • 0

Қуат алып жылудан,жарықтардан,
Өмірдің тәтті уына қанып та алғам.
Мен де бір көлбеу жатқан кесіндімін,
Арман мен болашаққа бағытталған.

Толық

Арман жолындағы арғымақ

  • 0
  • 0

Тұсау салып қойғандай өмір маған,
Керме жібін үзе алмай көңіл де алаң.
Жазмышымның жүктерін арқалауда,
Бір Көмегің керек -ау сенің маған .

Толық

Бала аспанның жұлдыздары

  • 0
  • 0

Көрдің бе түннің мына тылсым нұрын?
Паш етіп бір сұмдығын.
Жанарымды еріксіз еліктіріп,
Жүргімді жұлдызға жерік қылып,

Толық

Қарап көріңіз