Кеттің бе

Кеттің бе.

Тағы отырмын ескі саябақта,
Есімімді жүрегіңде сақта.
Өзіңді өзгеге берсеңде,
Маған деген сезіміңді суытпа.

Жылап өкінбе мұңданып өтінбе,
Өкпеңді айтып мына өмірге.
Тек өзің жайлы ойлан аңсарым,
Күш жинап жүрегіңнен мені өшіруге.

Кеше бардым сол саябаққа,
Жүрек жылады мұңын айта.
Білем сенің бағың басқа да,
Ескі күндер қалды арамызда.

Жүрекке мұң сыйлайды,
Күзден қайтқан құстарда.
Көздерге жас жиналды,
Іштен қимай тұрып қоштасқанда.

Жалғыздық əніне ұқсайды,
Күзгі жауыннан соң бар дала.
Мен сені күттім бүгін тағыда,
Бір болған ғашықтарға тамсана.

Жиі барып мұң толы күз бағына,
Жүрек өз бақыттын таппадыма.
Жүрегімді ұстап тұрып күрсіндім,
Өкініш айтып мына тағдырыма.

Кеш ұғындым қадірін сезімнің,
Жасы тамып көзімнен өкініштің.
Сенің жолың болсын өмірде,
Мен өзіңді кешір кеш ұғындым.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)