Бақытты тани біл

Өмір деген құлатып сүріндірер,
Өзі ақ кім екеніңді түсіндірер.
Сезінсең қиналғаныңда,
Жаныңды Анаң ғана түсінер.

Бұл сөзімді өмір өзі саған түсіндірер,
Текке жазылған ойға ұқсатсаң еңгер.
Бақыт деген ол Анаң сені үшін күйінер,
Уақытша сен қыдырған мына көшелер.

Білем жастық деп сен жалындайсың,
Көше кезіп Анаңды да жиі алдайсың.
Бірақ досым ертерек көзіңді аш,
Бір күні Анаңа кеш деуге жарымайсың.

Өмір жүйрік ат қанаты талмас құстай,
Қала алмайсың мына уақытты ұстай.
Бəрі өтер бəрі кетер болмағандай,
Қартығыңда жетер жастық əлің қалмай.

Сен жүрсің кештері мейрамхана аралап,
Анаң отыр уайыммен саған алаңдап.
Ей досым бар бақыттыңды бағалай біл,
Жүргенше əр арсызды бір жағалап.

Өмірдің мəні бақыттың бағы отбасың,
Кім кепіл мына өмір саған не жазбасын.
Сені үшін Анаң жүр күні-түні күйіп-жанып,
Сондықтан Анаңды бағала кеш боласын.

Ана сөзін ұқсаң бақытты боларсың,
Əке жолын қусаң жаман болмасың.
Бар ғұмыр саған жанашыр болған,
Ал енді Əкең мен Анаңды сыйларсың.

Бұл сөзім үлгі болғай қарақтарым,
Көп ойланам пендеге қарап жалын.
Ақша мен байлық мансап қуған,
Бақытты болмас ешкімде шырақтарым.

Бағалаңдар жанашыр жандарыңды,
Мейрім мен атқызған жылуы таңдарыңды.
Шіркін Ана мен Əке ғажап жылу ғой,
Баласы үшін арнаған бар жақсыларды.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (3)

Модератор

Авторын өңдеп қойсаңыз("авторы өзім" деп белгілесеңіз). рахмет!

serikkozybayev

Жарайды рахмет ескертіп айқтаныңыз үшін.

Модератор

"Айлы түнгі сағыныш" деген өлеңнің де. Рахмет!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)