Өмірдің соңы қайту бар

Ең далада көрінген сағымдай,
Өтті ғой уақыт артына қайрылмай.
Кең далада шапқан тұлпардай,
Өтті ғой өмір еркіңе бағынбай.

Кімге ренжімекпіз кінə артып,
Тағдыр жолы қайғы бақыт,
Өте алмасың тек қуанып,
Қайғы жетсе қаларсың қуарып...

Бізде өтіп барамыз өмірден,
Бақыт іздеп түндерден түнерген.
Бізде кетіп барамыз күндерден,
Алаңсыз ойнап жас төкпеген...

Кімге ренжімекпіз кінә артып,
Өмір кейде алар бір жылатып.
Өкпелесеңде өзің жыларсың,
Көңіліңе қарай алмас жұбатып.

Менде өтіп барам өмірден,
Үміт күтіп əрбір келер күннен.
Шіркін теңіздей ғой өмір деген,
Жүзіп барамыз сол теңізден-
Уақыттың тоқталмас кемесімен.

Таның атар өмір заңымен,
Күнің батар уақыт сырғумен.
Бəріненде қыйыны өмірде,
Жас күнің мəз күнің өтер,
Қарт күнің күтумен.

Өмір өткен екен деп бір күні,
Жылармыз жас күнді сағынып.
Дəм тұзым біткен екен деп бір түні,
Кетерміз бұл дүниеден көз жұмып...

Кетерміз мына дүниені ұмыттып,
Өзге дүние танымаға ұмтылып.
Туылып,өсіп,өніп қартайуы,
Өмірдегі бағынбас заңдылық...

Қара жерге кірер күнің бар,
Ол кезде күнің кімге қарар.
Уақыт барда тірі кезде,
Бір Аллаға шүкірлік ет,
Өмірдің соңы қайту бар...

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)