Әлі де ғашықпын

Көздеріңнің тұңғиығы – шексіз, менің әлемім!
Ғашық жүрек саған, жаным, жолдап жатыр сәлемін.
Маған бақыт – батып кету тұңғиыққа сендегі,
Барып саған „сүйемін” деу – қиын іс қой жердегі...

Жоқ, айтпағым, бару емес, ғашық болу қиындау,
Әрбір сәтте өзің жайлы ойларымнан тиылмау.
Не (і)стер едің, құлайм десем биік шыңнан тайынбай?
Тоқтатуды қалайсың ба, ғашықтықтан айырмай?

Сеніменен мәңгілікке бірге болу – арманым,
Білемісің? Өзің болсаң, елемеймін қалғанын.
Жауабыңды естуге де бірақ енді қорқамын,
Күресуге күш жетпесе, демек әлсіз болғаным.

Жауап берші, бірақ сөзсіз, көзбен ғана, үндемей,
Жүрсең деймін, мені қалап, өзге жанды іздемей.
Иә десең, сенің ғана мәңгі бағың боламын,
Жоқ деп жатсаң, жазға жақын көктем гүлдей соламын.

Өзге жанды сүйсең, мені кінәлама, өтініш,
Бірақ өзім айыптымын, болмас, иә, өкініш.
Танымастай суық, салқын кейіпіңмен қарама,
Бірақ қайтем?! Амалым жоқ, ал қаласаң, жарала!

Бұл сезімім қате болсын, мейлі, әлі ғашықпын!
Көптен бері жанарыңды бір көруге асықпын.
Сенің ғана бақытыңды сұрап жүрмін Тәңірден,
Екі жолдың жиегінде тұрсам-дағы қазір мен.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Іңкәр

Керемет Өлең,ғашықпын ақынға !

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)