Досым жоқ

„Сабыр сақта, сабыр сақта!” дей берем,
Іштен тынып, өз-өзімді жей берем.
Тынышталып, бәлкім риза болармын,
Ұқпай мені, тыңдаса да кей керең.

Айталмаймын ешкімге де сырымды,
Ойым менің мәнсіз емес, ұғымды.
Көңілім де тағдырымның сынағын
Көтерместен, жәймен ғана жығылды.

Мың сөгілдім, талай құлап осымен,
Ғашықтығым жай боп түсер тосын ең!
Пенде әр кез ауыр жүктен жеңілдейд,
Өз сырларын бөліскенде досымен...

Досым менің... Бұрын болған, қазір жоқ!
Бұл санам да сан сұраққа әзір тоқ.
Түсінетін адамдарды таппадым,
Достық көңіл сұрағанда жазық жоқ.

Қойдым бәрін. Қажет емес, тоқтаңдар!
Бетке күліп, артымнан кеп соққандар.
Сырларымды төгем жалғыз өлеңге,
Өлдім міне, ал қанеки, жоқтаңдар!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)