Сорлы қыз

Көз жасына ерік берген сорлы қыз,
Оныменен тоғыспайды жолыңыз.
Бақыт мені күтеді ғой деп енді,
Бұдан кейін ойламайтын болыңыз.

Лайық оған болу керек алдымен,
Бас қосарсыз арсыз, жансыз... жарлымен.
Әрқашанда жүрегіңнен жауатын
Кеудедегі көріп тұрмын қарды мен.

Түсінбейді дейсіз сізді бар әлем,
Ол жан үшін өлімге де барар ең.
Ал жарайды, ғалам сенен айналса,
Күн секілді жылу беріп жанар м(а) ең?

Бейшара қыз, осы күндер жазылған,
Қайда күндер сағынышың басылған?
Одан басқа ештеңені елемей,
Қорықпайсың Көктен түсер жасыннан.

Әрекетсіз ойлағаның болмайды,
Тым сезімтал болғандығың, сол – қайғы!
Тепе-теңдік тапшы өзің ішіңнен,
Жұбанышты ақын жаның жолдайды.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)