Өлең, жыр, ақындар

Кесінді...

Кесінді...

Қуат алып жылудан,жарықтардан,
Өмірдің тәтті уына қанып та алғам.
Мен де бір көлбеу жатқан кесіндімін,
Арман мен болашаққа бағытталған.

Уақыттың ойпаңдарын,қалтарысын,
Жалғанның жанталасын ,арпалысын,
Қиып өтіп күндердің қайғы-шерін,
Сүйіп өтем өмірді әр таң үшін.

Биік етіп ойымды басқалардан,
Басқа қонған бақтай боп асқақ арман.
Түп-түзу жолдарыммен жан баспайтын,
Тарихқа аттанамын таста қалған.

Таршылықтың тұсауын үзіп беріп,
Жыр маржанын моншаққа тізіп, теріп.
Келер күнге қалдырам бір белгіні,
Көк аспанды қақ тілген сызық болып.

Ғұмырлар-ай,кейде мықты, ғаріп кейде,
Дүние дүлдүлдерді дәріптей ме?
Жер жүзінің жанарын жас толтырар,
Жалын шашып жанғанда жарық бейне...

Тлеухан Дәурен



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиялдағы күз бен қыз...

  • 0
  • 0

Қара күздің шамын жағып,
Құстар да тұра алмайды дамыл қағып.
Тәтті елеске ұмсынып сезім құсы,
Мазалайды түнімді,таңымды алып.

Толық

Арман жолындағы арғымақ

  • 0
  • 0

Тұсау салып қойғандай өмір маған,
Керме жібін үзе алмай көңіл де алаң.
Жазмышымның жүктерін арқалауда,
Бір Көмегің керек -ау сенің маған .

Толық

Аңсау

  • 1
  • 0

Мүсін бар, бірақ сол жан табылар ма?
Тұрады солғын тартқан сағым алда.
Адамнан ең аяулы айырмайтын,
Ажалдан арашалар дәрі бар ма?

Толық

Қарап көріңіз