Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың ...

Қазағымды біледі бәрі жетік,
Қылған тіпті елімді тәлім етіп.
Тәубе еткен жұртымның бүгініне,
Көз жіберіп қарайық, қалай жеттік?

Елімнің елеулі ғой азаттығы,
Табылмас көз тастасаң ағаттығы.
Баяндайын бетке ұстар бағландармен
Бойдағы қасиетті қазақтағы

Қазақтың адамдары-ай , жүзі жарқын!
Ғасырлар жылжыса да сол бәз қалпың.
Бейтаныс бейнені де сөзге тартып,
Сыр шертеді онымен емен-жарқын.

Қазақтың жігіті мен қыздарын-ай!
Ата-анаға бой ұсынған перзент ұдай.
Өрілген қамшыдайын әп-әдемі,
Ажарлы ғып жаратты оны Құдай.

Қазақтың аналары-ай әкесімен!
Дәстүрді дәріптеген кәдесімен.
Қонақжайлық бойларына бекіп сіңіп,
Жаңылмаған еш уақыт әдетінен.

Қазақтың киімін-ай кешегімен !
Сұлуға көрік қосқан есебімен.
«Сырт жерде – тон сыйлы» деп ата қазақ,
Сол салтпен осы күнге жете білген .

Қазақтың қасиеті-ай, қанында өрген!
Сол әдет танытты оны әркез төрден.
«Алма да ағашынан алыс кетпес»,
Мен де бұны сіңірдім жөргегімнен.

Қазақтың табиғаты-ай, кие неткен!
Бабалар басшылықта ие еткен.
Осындай ауызға сап үрген жерді,
Қорғап ерім өмірден сүйе өткен.

Қазақтың батырлары-ай , жауға ұшқан,
Келтірмей ел ішіне қаума дұшпан.
«Қазақ» десе шыбын жанын құрбан етер,
Жаралған жампоз жандар ар-намыстан.

Қазақтың шешендері-ай , көсемімен!
Мәселені еш даусыз шеше білген.
Даудың да Дайрабайын ортаға сап,
Қазақта орын алған кеше белең.

Қазақтың ақындары-ай, қаламы үшкір!
Сендерге өзгелерден жетпес еш бір.
Тілімнің түп тамырын сақтап қалған,
Ақындардың барына деймін ШҮКІР.

Қазақтың әншлері-ай , бұлбұл дайын
Олар десе тоқтамас бұл таңдайым.
Күләштайын күмістің ізін басқан,
Димаш динар атанып жүрсін дәйім.

Қазақтың саңлақтары-ай спорттағы,
Секілді қасқырлардай қыстақтағы.
Әлемнің айдаһары келсе дағы,
Елімнің ержүрегі ұстатпады.

Қазақтың домбырасы –ай екі шекті .
Құрманғазы үні ол - қасиетті
Нағыз таза қазаққа оны балап,
Қалдырған бұл нақыл сөз – өсиетті

Қазақтың қадірлі ғой әр тұлғасы,
Түрттім бәрін , тізгендей сайдың тасы
Әлі талай жыр жазып, ақтарылам.
Бұл өлеңім жай ғана қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз