Қайғысыз мұңсыз жан бар ма

Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?
Бес күндік мына жалғанда.
Қайғысыз ешкім өтпейді,
Бос күліп бекер сандалма.
Әркімге қайғы болды ғой,
Қол жеткізу арманға.
Өмірде болад бәрі де,
Сыналмай пенде қалған ба?!
Қайғысыз пенде болмайды,
Әрнеге көңіл толмайды.
Қуанышты күндерін
Байқамайды, сол – қайғы!
Мұң бітпей өмір өткенмен,
Қол үзбе келер көктемнен!
Ештеңе де өзгермес,
Егіліп, жасты төккенмен!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Nurbolatkyzy

Осындай мотивация беретін өлеңдер, кітаптар қазақ тілінде болса нұр-үстіне нұр! 

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)