Өлең, жыр, ақындар

Жар болсын жалғыз жаратқан!

Өмірдегі шаттық, бақыт, қуаныш.
Біздер үшін мүлдем басқа түсінік.
Бұл өмірдің бізге берген сынағын
Шындығында жүрмізбе біз түсініп?!
Құшақ жайып саған барын беретін,
Өз үйіңде мейірімді шуақ тұр...
Сені өсірген ата-ананың қадірін
Білгің келсе жетімдерден сұрап көр..
Жанарына жас іркіліп қаншама,
Қиналса да сұрақтар мен күдіктен
Жүрегінің түбіндегі тілегі
Терезеге телміреді үмітпен
Мұңға толы мөлдіреген жанары,
Мейірімге толы құшақ іздейді.
Аңсайды олар алақанды аялы
Арманынан үміттерін үзбейді.
Жетімдердің жасымасын көңілі,
Сүрінбесін өмір атты сынақтан,
Шын жүректен өздеріңе тілерім
Жар болсын жалғыз Жаратқан!



Пікірлер (1)

Akboken_serikova

Əр сөзі мағыналы екен. Ия, Жетімдерге жар болсын өзі Жаратқан! Əумин!

Пікір қалдырыңыз

Арманым асқақ!

  • 2
  • 2

Арманым асқақ, қол бұлғайды асқардан,
Қиялым самғап, жол іздейді аспаннан,
Жүрегім тулап, қорқады білем, бірақ та,
Жасқанбаймын! арманға жетем аңсаған!

Толық

Кешір мен....

  • 0
  • 1

Кешір мені...
Келмес күндер үшін де кешімдегі,
Мен артыма қарамай кетіп барам
Сол үшін де жарығым кешір мені

Толық

Мен де сені кешірдім...

  • 1
  • 0

Балалық шақ қой көп нəрсенің байыбына бармаған...
Менің нəзік жүрегімде күліп тұрғандай бар ғалам..
Естеліктер көп...кейбірі есте қалмаған
Балабақшада балалық шақтың қызығына қанбаған...

Толық

Қарап көріңіз